09.03.2026ж. күні мектебімізде қаңтар ҰБТ нәтижелерін талдау бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы С.О. Жұбанов, мектеп директоры К.Байсагенова, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, ата-аналар және 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты – 2026 жылғы ҰБТ-ға дайындық деңгейін саралау, оқушылардың білім сапасын арттыру және ата-аналарға тестілеу барысы туралы толық ақпарат беру.
Шара барысында қаңтар айындағы ҰБТ нәтижелеріне талдау жасалып, пәндер бойынша көрсеткіштер қарастырылды. Сонымен қатар ҰБТ тапсыру ережелері, тестілеуді ұйымдастыру тәртібі және дайындық жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары түсіндірілді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігі атап өтілді.

KZ
