🎵 Аудандық семинар өтті
Аудан көлемінде «Музыка сабағын тиімді жоспарлау: мақсаттан нәтижеге» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
🎯 Семинардың мақсаты – музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сабақты тиімді жоспарлау жолдарын көрсету, оқу мақсаттарына жетудің нәтижелі әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Семинар барысында:
• музыка сабағын жоспарлаудың заманауи талаптары;
• оқу мақсаттарын нақты қою және нәтижеге бағыттау;
• шығармашылық пен практикалық әрекетті ұштастыру жолдары
кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік тұрғыда пайдалы ақпараттармен толықты. Семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, алдағы жұмыстарға тың идеялар ұсынды. 🎶
KZ

