Skip to content

06.02.26ж Магистрлер апталығы аясында мұғалімдерге арналған Фин әдістемесі негізінде көбейту…

06.02.26ж Магистрлер апталығы аясында мұғалімдерге арналған Фин әдістемесі негізінде көбейту кестесін оңай және қызықты түсіндіру жолдары тақырыбында “Сан сөйлейді, бала ойлайды” атты семинар өтті.

Семинар барысында Финляндияның білім беру жүйесінде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер таныстырылып, көбейту кестесін оқушыларға жеңіл қабылдатудың практикалық жолдары көрсетілді. Қатысушылар белсенді оқыту, көрнекілік, ойын элементтері мен логикалық байланыстар арқылы көбейту кестесін меңгертудің заманауи үлгілерімен танысты.

Семинар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, сабақтың сапасын жақсартуға және оқушылардың математикаға деген қызығушылығын оятуға бағытталды.
Спикер Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Тулеубаева Мұнара Орынбасарқызы.✅