06.02.26 🤍
10 «А» сыныбына сынып жетекші болып тағайындалуыма байланысты
«Ата-ана мен сынып жетекшінің танысуы» тақырыбында алғашқы жиналыс өтті.
Сыныбымызды барынша әдемі, жылы атмосферада безендіріп, ата-аналарды ерекше көңіл күймен қарсы алдық ✨
Ата-аналар кірген сәттен бастап өз баласының бейнесі бар суретті алып, балаларынан аналарына жазылған хаттарды оқыды — жүрекке жеткен сәттер болды 💌
Танысу «Білесіз – білмейсіз» әдісімен өтті, перне тақта арқылы топқа бөлініп, «Бір қол» әдісін ойнаттық.
Жиналыс соңында ата-аналар мұғалімге анонимді хат жазып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Уақыт бөліп, қолдау білдіріп келген әрбір ата-анаға үлкен алғыс!
Алда бірлесе атқарар жұмысымыз көп 🤍✨
#10А #СыныпЖетекші #АтаАнаЖиналысы #БіргеБолайық #МектепӨмірі
KZ

