09.02.2026 күні мектебімізде облыстық баскетбол турнирі жоғары деңгейде өтті 🏀
Турнирге Маңғыстау облысы бойынша 7 ауданнан келген ұлдар мен қыздар командалары қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс барысында спортшылар шеберліктерін, командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін көрсете білді.
Бұл турнир жас спортшылардың тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосты. Барлық қатысушыларға сәттілік, ал жеңімпаздарға құттықтау білдіреміз! 🏆👏
KZ

