Skip to content

📚✨ 9 ақпан-ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде…

📚✨ 9 ақпан-ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде «Пай, пай, өмір, өтесің-ау бір күн» атты тағылымды әдеби кеш өтті.✨

Кештің негізгі мақсаты:қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныту, өлеңге, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.

Әдеби кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқып, әндерін орындап, Мұқағали поэзиясының терең философиясын сезіне білді. Әр өлең — өмір, әр жол — тағдыр екенін тағы бір мәрте ұғындырған әсерлі кеш болды.

Мұқағали жыры — мәңгілік, ал оның сөзі ұрпақ санасында өмір сүре береді 💫