Skip to content

Тақырып: “Келешекке жол – кітаптан басталады” Мен Батыр ауылының Келешек…

Тақырып: “Келешекке жол – кітаптан басталады”

Мен Батыр ауылының Келешек мектебінің оқушысымын. Мектебімнің аты – Келешек. Ал менің ойымша, біздің отбасымызды да “Келешек отбасы” деп атауға болады. Себебі біздің әулетіміз білім мен ұстаздық жолын таңдаған.

Атам – физик-математик, ардақты, ұлағатты ұстаз. Ол кісі әрдайым қолынан кітап тастамайды. Бірде ғылым жайлы, бірде өмір туралы терең ойлы дүниелерді оқып, бізге түсіндіріп отырады. Әжем “Мұхаммед пайғамбар” кітабын оқиды. Оның әр сөзі жүрекке жылу беріп, имандылыққа тәрбиелейді.

Әкем – қазіргі заман талабына сай ІТ маманы, информатика пәнінен сабақ береді. Ол көбіне бизнес пен технология жайлы кітаптар оқиды. Себебі бүгінгі күннің келешегі – білім мен цифрлық сауаттылықта. Анам орыс тілі пәнінің мұғалімі. Ол да үнемі ізденісте жүреді, заманға сай жаңашыл әдістер мен түрлі кітаптарды оқып, білімін толықтырып отырады.

Біздің үйде аптасына 2–3 рет кітап оқу дәстүрге айналған. Әркім өз кітабын оқиды, бірақ бәріміздің мақсатымыз бір – өсу, даму, келешекке қадам басу.

Міне, осылайша біз – келешекпіз!

Жүр, досым, кітап оқып қайтайық! Челленджді ары қарай сіздерге жолдаймын 📚✨