✨ Педагог-зерттеушілер апталығының ашылуы ✨
✅ Бүгін мектебімізде «Зерттеуші ой – жаңашыл мектеп» тақырыбындағы педагог-зерттеушілер апталығының салтанатты ашылуы өтті.
✅ Бұл апталық – шығармашыл, ізденімпаз ұстаздардың тәжірибе алмасып, озық идеяларын ортаға салып, білім беру үдерісіне жаңа серпін беретін алаңы. Заманауи білім беру талаптарына сай зерттеушілік мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі мектептің басты бағыты.
✅Барша әріптестерімізге шығармашылық табыс, тың идеялар мен нәтижелі зерттеулер тілейміз! 💡📚
#ЗерттеушіОй #ЖаңашылМектеп #ПедагогЗерттеуші #КәсібиДаму
KZ

