Skip to content

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмыстарының айлық жоспарына сәйкес, 7-8 сынып…

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмыстарының айлық жоспарына сәйкес, 7-8 сынып оқушыларына арналған «Шебердің қолы алтын: Мамандық таңдау — болашаққа баспалдақ» атты кәсіп иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — оқушы қыздарға қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерді таныстыру және мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:
🥧Арзиева Гулбахар — Батыр ауылындағы «Guli» тәттілерінің негізін салушы, кондитер;
💇‍♀️ Жолдасбаева Гаухар Жолдасбайқызы — Ақтау қаласындағы «Көзайым» сән салонының негізін қалаушы, сұлулық индустриясының маманы.

Қонақтарымыз өз кәсіптерін бастау жолындағы алғашқы қадамдары, қиындықтары мен жетістіктері туралы ашық айтып берді.
Оқушыларымызға хоббиді табысты бизнеске айналдырудың құпияларын бөлісіп, «ерінбей еңбек еткен адамның арманы орындалатынын» ұғындырды.
Қыздар кондитерлік өнімдердің қыр-сыры мен сұлулық индустриясындағы заманауи трендтер туралы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

«Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін қалау. Ең бастысы, өз ісіңді сүю керек», — деп түйіндеді кездесу қонақтары.

Кездесу соңында оқушылар шынайы шабыт алып, болашақ мамандықтары туралы ой түйді. Кәсіп иелеріне алтын уақыттарын бөліп, жас буынға бағыт-бағдар бергендері үшін алғыс айтамыз! 💐
@munaily_bilim
@talimger_pro