Skip to content

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік…

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданы Батыр ауылы Самал шағын ауданы 7-көше 33/5 құрылысында орналасқан «№20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, уақытша және бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды.
Ескерту: ақы төлеу мөлшері орташа көрсеткішпен көрсетілген. Жалақы есептеуде еңбек өтілі, білім деңгейі, санаты ескеріледі.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті күн ішінде қабылданады.
Құжатты қабылдаудың басталуы – 24.02.2026, аяқталуы –04.03.2026 .

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес https://hr-nobd.edu .kz порталында жүргізіледі.