Skip to content

«Бір ауыз сөз бен бір түйір тәтті…» 🍫✨ Алғыс айту…

«Бір ауыз сөз бен бір түйір тәтті…» 🍫✨

Алғыс айту күні — жүректегі жылуды бөлісетін ерекше сәт. Біз, 11-сынып оқушылары, бүгін мектебіміздегі әрбір жанға күлкі сыйлағымыз келді.

Бізге білім берген ұстаздарымызға, мектептің тазалығы мен қауіпсіздігін сақтаған апай-ағайларымызға шоколад таратып, алғыс білдірдік. Кішкене ғана тәтті сыйлық үлкен қуанышқа ұласты!

Есіңізде болсын: Алғыс айту үшін арнайы күн күтудің қажеті жоқ. Жақындарыңызға бүгін “рақмет” деуді ұмытпаңыз! ❤️