🌷 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіміздің 8-сынып оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында аналар мен ұстаздарға арналған әсерлі әндер шырқалып, жүрекке жылы тиер өлеңдер оқылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Оқушылар өз өнерлері арқылы аяулы аналарға, ардақты ұстаздарға деген шексіз алғыстары мен құрметтерін білдірді.
Барша нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен береке тілейміз! 🌸
KZ

