Skip to content

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 11.03.2026 жыл мектеп асханасында оқушылардың…

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 11.03.2026 жыл мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы мен тамақтандыру сапасына бақылау жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы, тағамдардың сапасы мен дайындалу технологиясы, бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі, тағамдардың шығу салмағы, сақтау мерзімі және температуралық режимі қаралды.
Бракераждық журналдар, медициналық кітапшалар, сертификаттар мен өнімдердің сапасын растайтын құжаттар тексерілді. Күнделікті сынама алу, тағамдардың органолептикалық көрсеткіштері (дәмі, иісі, түсі, сыртқы түрі) бақылаудан өткізілді.
Тексеру нәтижесінде тамақтандыру жұмыстары қолданыстағы санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылғаны анықталды. Асхана қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтайды, арнайы киімдері талапқа сай. Оқушылар бекітілген кестеге сәйкес ыстық тамақпен қамтылған.