Skip to content

🌿 Амал мерекесі мектебімізде аталып өтті! №20 жалпы білім беретін…

🌿 Амал мерекесі мектебімізде аталып өтті!

№20 жалпы білім беретін мектебінде көктемнің жарқын мерекесі – Амал мерекесі ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Бұл күні оқушылар мен ұстаздар ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.

Мерекелік іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, ән-күй шырқалып,өз өнерлерін көрсетті. Жылы жүздесіп, амандасып, үлкендерден бата алып, барша жиналған қауым көктемнің жаңаруымен бірге татулық пен бірлікті сезінді.

Амал мерекесі – халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі, адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасатын ерекше күні. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне үлкен үлес қосады.

Баршаңызға амандық, береке, молшылық тілейміз!
🌸 Көрісу күні құтты болсын!