Skip to content

Мектебімізде оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында 13.03.2026 жыл мектепішілік…

Мектебімізде оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында 13.03.2026 жыл мектепішілік кезектегі бракераждық комиссия тексерісі болып өтті.

Бракераждық комиссия тексерісінің мақсаты – мектеп асханасында дайындалатын және таратылатын тағамдардың сапасын, қауіпсіздігін және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Комиссияның негізгі міндеттері:

1. Дайын тағамдардың сапасын (дәмін, түсін, иісін, консистенциясын) бағалау;

2. Рецептураның, технологиялық карталардың және тағам дайындау тәртібінің сақталуын бақылау;

3. Дайын өнімнің сақтау мерзімі мен температуралық режимдерінің талапқа сәйкестігін тексеру;

4. Асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауын қадағалау;

5. Асхананың өндірістік және санитарлық жағдайын бақылау;

6. Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын тәуекелдердің алдын алу;

7. Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар беру және олардың жойылуын бақылау.