Skip to content

Мектебімізде көктемгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында оқушылар арасында интеллектуалды сайыс…

Мектебімізде көктемгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында оқушылар арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылар білімдерін ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады. Оқушылардың ойлау қабілеті, тапқырлығы мен жылдамдығы сынға түсті.

Бұл шара білімге деген қызығушылықты арттырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, өзара бәсекелестік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға зор ықпал етті. Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.