Мектебімізде көктемгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында оқушылар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар өзара бақ сынасып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Сонымен қатар, бұл жарыс оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты. Жеңімпаз командалар арнайы марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мектебімізде көктемгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында оқушылар арасында футболдан жарыс…

KZ
