Skip to content

Қайырлы кеш, құрметті әріптестер! 2026 жылғы 26–28 наурыз аралығында Астана…

Қайырлы кеш, құрметті әріптестер!

2026 жылғы 26–28 наурыз аралығында Астана қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында «Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Бұл үш күндік кездесу тәжірибе алмасуға, жаңа көзқарастар қалыптастыруға және білім беру саласындағы заманауи бағыттарды талқылауға үлкен мүмкіндік берді.

Семинар барысында қатысушылар EdTech саласындағы жаңалықтармен танысып, «Келешек мектептері» жобасының даму бағыттары мен стратегиялық басымдықтарын жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар, топтық жұмыстар мен воркшоптар арқылы тұжырымдаманы іс жүзінде енгізу жолдары талқыланды.

Екінші күні стратегиялық сессия өтіп, цифрландыру мен жасанды интеллекттің білім беру саласына әсері, сондай-ақ болашақ кадрларды даярлау мәселелері кеңінен сөз болды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы мектеп басшыларымен кездесіп, маңызды сұрақтарға жауап беріп, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырды.

Үшінші күні тәжірибе алмасу аясында еліміздің жетекші мектептеріне (БИЛ, Haileybury Astana, BINOM, NURORDA, Spectrum, STEM Lab және т.б.) тағылымдамалық сапарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Nazarbayev University базасында қорытынды кездесу өтіп, семинардың негізгі нәтижелері талқыланды.

Жалпы, бұл семинар мен үшін өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Алдағы уақытта алынған тәжірибе мен жаңа идеяларды мектебіміздің дамуында тиімді қолданамыз деп сенемін.

Байсагенова Камшат Бақытжанқызы