🔐 ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ
Қазіргі таңда интернет – білім алу, қарым-қатынас жасау және ақпарат табудың маңызды құралы. Алайда интернет кеңістігінде түрлі қауіптер де кездеседі. Осыған байланысты оқушыларға қауіпсіз интернетті пайдалану туралы жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• 🌐 Интернеттегі жеке мәліметтердің қауіпсіздігі
• 🔑 Құпиясөзді дұрыс сақтау және бөтен адамдарға бермеу
• 🚫 Бейтаныс адамдармен хат алмасудың қауіптілігі
• 📵 Кибербуллингтің алдын алу жолдары
• ⚠️ Күдікті сілтемелер мен жалған ақпараттан сақтану
KZ



