Құрметті аналар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – отбасының берекесі, шаңырақтың шуағы, мейірім мен махаббаттың қайнар көзісіздер.
Ана деген – әлемнің жарығы, тіршіліктің тірегі. Сіздердің ақ сүттеріңіз бен ақ тілектеріңіздің арқасында ұрпақ өсіп, ел еңсесі биіктейді.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз! Жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын!
Көктемнің шуақты мерекесі сіздерге тек бақыт пен шаттық сыйласын!
🌷 Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар! 🌷

KZ
