Skip to content

Құрметті ата-аналар! Сіздерді Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күнімен шын…

Құрметті ата-аналар!
Сіздерді Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, денсаулық, береке-бірлік пен молшылық тілейміз. Көктемнің шуақты күндері сіздерге жаңа үміт пен жарқын бастамалар әкелсін!
Көктемгі каникул кезеңінде балаларыңыздың өмір қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Баланың амандығы – әрбір ата-ананың ең басты жауапкершілігі. Естеріңізде болсын, бұл өмірде баладан қымбат ештеңе жоқ.
Осы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, балаларыңызбен көбірек уақыт өткізіп, олардың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіздер. Бірге кітап оқып, пайдалы әңгімелер жүргізіп, қызықты әрі тәрбиелік мәні бар іс-шараларға қатысу – олардың болашағына салынған ең үлкен инвестиция.
Алтын уақыттарыңызды балаларыңыздың тәрбиесі мен біліміне арнаңыздар. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы.
Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Әр шаңырақта шаттық пен күлкі көп болсын!