Skip to content

Мектебімізде «Қазақ тілі – тарихтың ізі, ұрпақтың үні» атты апталық…

Мектебімізде «Қазақ тілі – тарихтың ізі, ұрпақтың үні» атты апталық өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оқушылардың қазақ тіліне деген құрметін арттыру және тіл арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Апталықтың ашылу салтанатында қазақ тілінің қоғамдағы маңызы туралы баяндама оқылып, тіл туралы тағылымды ойлар айтылды. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.
Апталық аясында:
Ашық сабақ,сайыс сабақ, мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды