Skip to content

Мектепішілік жоба аясында бүгін мектебімізде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында…

Мектепішілік жоба аясында бүгін мектебімізде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Тиімді ҚМЖ – сапалы сабақтың кепілі» тақырыбында коучинг-семинар өтті. Заманауи сабақты жоспарлаудың тиімді жолдарын талқылаған жиында келесі мәселелерге басымдық берілді:
​✅ SMART талдау: Оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді мақсаттардан сабақтың нақты, қолжетімді (SMART) мақсаттарын шығару алгоритмі пысықталды.
​✅ Case Study. Дайын “Мінсіз” ҚМЖ мен “қатесі көп” ҚМЖ ны салыстыру арқылы мұғалімдер өз бетінше сараптама жасап талқылады.
​Мұғалімнің шеберлік картасы — бұл тек жоспар емес, әр оқушының сапалы білім алуын қамтамасыз ететін басты құрал. Тәжірибе алмасу барысында ұстаздар өз араларында тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, кәсіби қоржындарын толықтырды.
​Білім сапасы – дұрыс жоспардан басталады.
​Өткізген: География пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Жанадилова Айдын Қалдыбайқызы.