📍Мектепішілік жоба аясында мектебімізде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «ҚМЖ – мұғалімнің шеберлік картасы» тақырыбында коучинг-семинар өтті.
Жиында заманауи сабақты тиімді жоспарлау жолдары талқыланып, SMART форматында мақсат қою, саралап оқыту тәсілдері және нақты, өлшемді дескриптор құру әдістері қарастырылды.
Тәжірибе алмасу барысында ұстаздар өзара тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, кәсіби қоржындарын толықтырды.
Білім сапасы – дұрыс жоспардан басталады. 🚀
KZ

