Skip to content

🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 🌿 22 наурыз –…

🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 🌿

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде ағаш отырғызу сенбілігі ұйымдастырылды 🌱

Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Оқушылар мен ұстаздар бірігіп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл игі шара – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 🌍